Қазақстан Дубайдағы COP28 саммиті аясында құны $4,85 млрд 20 құжатқа қол қойды

Қазақстан Дубайдағы COP28 саммиті аясында құны $4,85 млрд 20 құжатқа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дубайға сапары барысында құны 4 млрд 850 млн доллар болатын 20 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Шетелдік инвесторлар «жасыл энергетика», инфрақұрылым мен ІТ салаларындағы бірқатар жобаларды қаржыландыруға әзір. «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының мәліметінше, елімізде жел электр станциясының құрылысын жүргізу бойынша келісім жасалған. Одан бөлек, Жетісу облысында қуат көзін жинақтай алатын жел электр станциясының жобасын жасау да көзделіп отыр. Жамбыл облысында да тағы бір нысан бой көтереді. Сонымен қатар венчурлық жобаларды бірлесе қаржыландыру механизмдерін жасау бойынша стратегиялық әріптестікке негізделген құжатқа қол қойылды. Өз кезегінде, осы арқылы орман климаты жобалары мен табиғи уран концентраттарын тасымалдау мүмкін болады деп күтілде.