Қазақстан экономикасына Yandex Qazaqstan 225 млрд теңге инвестиция құйды

Қазақстан экономикасына Yandex Qazaqstan 225 млрд теңге инвестиция құйды

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директорымен кездесті. Даниил Шулейко Yandex Qazaqstan қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары жөнінде баяндады. Әсіресе, компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударды. Платформа арқылы жұмыспен қамту жобасының нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болды. 2024 жылы компания елімізге 30 миллиард теңгеге жуық салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Президент жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.