Қазақстан Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрін өндіреді

Қазақстан Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрін өндіреді

Қазақстан жаһандық энергетикалық нарықты бағындыруда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде осы бағытта өндірілетін шикізаттар АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей мен Еуропалық Одақ мемлекеттеріне тасымалдануда.

Мәселен кәрі құрлық нарқына отандық бериллий, тантал, титан, және фосфор сияқты металл және химиялық өнімдерді жеткізіледі. Жалпы бізде Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрі шығарылады. Ал мыс өндірісі бойынша Қазақстан әлемнің үздік 10 елінің қатарына енген.

Сондай-ақ никель, кобальт, марганец және литий сияқты аккумуляторлық шикізат өндірісінің кластерін дамыту жолға қойылған. Бұл әлемде электромобильдердің өсіп келе жатқан өндірісі үшін шикізаттың негізгі көзіне айналады. Бұған елімізде бекітілген сирек кездесетін металдар саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары өз септігін тигізбек.