Қазақстан Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде көш бастады

Қазақстан Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде көш бастады

Еліміз 81 мың ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Қазақстаннан кейінгі орынға Өзбекстан жайғасса, үшінші болып Ресей келеді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, Ташкентте өткен әлем чемпионатында республика құрамасы бірден төрт алтын және бір күміс жеңіп алды. Елімізге жеңісті Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай әкелді.