Қазақстан күрделі трансплантациялық операция жасалатын 6 елдің қатарында

Қазақстан күрделі трансплантациялық операция жасалатын 6 елдің қатарында

Елімізде мәйіттік донор тапшы. Мәселені шешу үшін заңға өзгеріс енгізіп, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру керек. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының мамандары осылай дейді. Олардың айтуынша, осы жұмысты жүйелендірсек, мыңдаған науқастың үміт оты қайта тұтанар еді. Мәселен, орталық хирургтері жуырда отандық медицина тарихында алғаш рет үш операцияны қатар жасады. Олардың бұл жетістігін Президент атап өтіп, алғыс айтты.