Қазақстан Қытаймен шекарада тағы бір құрғақ порт ашады

Қазақстан Қытаймен шекарада тағы бір құрғақ порт ашады

Абай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бұл екі нысан теміржол желісімен бірге салынады. Ол «Аягөз – Бақты – Тачэн» бағыты бойынша Солтүстік-Оңтүстік бағытында жүреді. Жобаны іске асыру осы жылдың соңында басталады. Осылайша, жоба есебінен сауда-саттықты арттыру жоспарланып отыр. Айта кету керек, 2022 жылы Абай облысының Қытаймен арадағы  жалпы тауар айналым көлемі шамамен 36 млн долларға жетті. Ал экспорт ауқымы  АҚШ валютасында 25 млн-ға шақ келді. Жалпы Бақты-Аягөз теміржолының ұзындығы 270 шақырым болатынын еске сала кеткен жөн. Осылайша,  жоба аясында шекарадағы «Достық» және «Алтынкөл» станцияларындағы жүктеме азаяды деп жоспарлануда