Қазақстан мен АЭХА техникалық ынтымақтастық орнатуға келісті

Қазақстан мен АЭХА техникалық ынтымақтастық орнатуға келісті

Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Келісім тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастықты орта мерзімді жоспарлау үшін негіз болады. Жаңа құжатта ядролық-энергетикалық инфрақұрылым, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және ядролық медицина сынды төрт басым бағыт анықталған. Бағдарламада Қазақстанның өзінің алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отырған ел ретіндегі мәртебесі ескерілді. Ядролық технологиялар мен техникалық ынтымақтастық ресурстарын беру ел дамуының ұлттық мақсаттарын қолдауға бағытталады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1994 жылдан бері АЭХА-мен өзара іс-қимыл жасап келеді.