Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 12% өсті

Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 12% өсті

Биылғы жылдың 4 айында ол шамамен 9 миллиард долларға дейін өсті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ке көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Сондай-ақ республиканың экспорттық әлеуеті де біршама ұлғайған. Ақшалай эквивалентте ол 3,5 млрд долларды құрады. Ал импорт азайған. Қазақстан ЕАЭО елдеріне машина, жабдықтар, көлік құралдарын, аспаптар мен аппараттарды, сондай-ақ химия және аралас өнеркәсіп өнімдерін саудалайды. Ал жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерді, дайын тамақ өнімдерін, металдар мен металдан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ басқа да өнімдерді сатып алады.