Қазақстан мен Эстония адамдарды реадмиссиялау жөнінде келісті

Қазақстан мен Эстония адамдарды реадмиссиялау жөнінде келісті

Қазақстан мен Эстония заңсыз көші-қонмен бірге күреседі. Сенат тараптар арасында адамдардың реадмиссиясы туралы ел мәжілісі қабылдаған келісімді мақұлдады. Құжат елдер аумағында болу тәртібін бұзған немесе жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан тұлғаларды қайтару тәртібін реттейді. Келісім біздің азаматтарды жауапкершілікке тартпай, кіруге тыйым салғызбай тиісті талаптар бойынша отанына оралуға мүмкіндік береді. Елдердің құзіретті органдары бұған қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. Осы бағытта ынтымақтастық құру үшін құқықтық негіздер мен шарттар айқындалады. Қос тарап көші-қон талаптарына бағынбаған немесе елден шығуға құжаттары жоқ азаматтарды анықтауға ден қояды. Кейін олардың мәселесін шешудің тиімді жолдары қарастырылады. Яғни мемлекет аумағында болу немесе тұруды және ол тұлғалар үшін визалық тәртіпті оңтайландыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, бұл келісімге 2022 жылдың желтоқсан айында қол қойылды. Эстония жағы құжатты ратификациялады. Сенатор Айнұр Арғынбекованың сөзінше, еліміз әлемнің алыс-жақын 18 мемлекетімен осы текті келсімдерге тұрған. Қазір тағы 32 елмен осы бағытта ынтымақ құру көзделіп отыр.   

Айнұр Арғынбекова,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Тараптардың келісімді жүзеге асыратын құзырлы органдары анықталды. Қазақстан жағынан – Ішкі істер министрлігі, ал Эстониядан - Полиция және шекараны қорғау департаменті бекітілді. Жалпы келісім елдердің адамдарды реадмиссиялауға қатысты бірлесекен шараларының  тиімді ынтымақтастығын дамыту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық тәртібін толық айқындайды. Осының арқасында өзара процессуалдық сипаттағы барлық мәселелер шешілетін болады.