Президент Конституциялық сот судьяларымен кездесті

Бұл  туралы  жаңа мемелекетік құрылымның өкілдерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  Президент саяси институт барлық заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды. Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады. Сонымен қатар Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де  Конституциялық Сотқа жүгінуге құқығы бар. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар мен түрлі салада көп жылдық тәжірибесі бар заңгерлер кірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүние жүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды.