Қазақстан мен Эстония сауда-саттықты арттырады
Қазақстан Эстонияның теңіз порттарын пайдаланып,
сауда-саттықты арттыруға ниетті. Бұл туралы екі елдің басшылары Ақордада
сөйлесті. Алар Карис Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Салтанатты қарсы
алу рәсімінде тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Эстония
– Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Дипломатиялық
қарым-қатынас 1992 жылы орнаған. Сауда саласында әлеует жоғары, бірақ түрлі
кедергілер бар,- деді Қасым- Жомарт Тоқаев.

