1 трлн теңгенің активі қайтарылады
Заңсыз иемденген активтерді өз еркімен қайтаруға бекінгендермен 50 келісім жасалып, қол қойылды. Соның арқасында ел қазынасына тағы 1 трлн теңге түседі. Бұл туралы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында айтты. Ал, жасалған келісімдер бойынша алдымен қайтарылуы тиіс дүние -мүлік, ақша, байлық есепке алынып, бағалау жүргізіледі. Сосын бағалау нәтижесіне қайтадан тәуелсіз сараптама жасалады. Сондықтан, аталған соманың нақты қай уақытта ел қазынасына түсерін кесіп айту қиын.