Қазақстан мен Иордания уран өндірісінде күш біріктіреді

Қазақстан мен Иордания уран өндірісінде күш біріктіреді

Қазақстан мен Иордания уран бизнесінде бірігіп жұмыс істейтін болды. Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» пен иорданиялық ДЖАМКО компаниясы арасында оған мүмкіндік беретін келісім шарт жасалды. Келісімге сай, келер жылдың соңына дейін құрылатын жаңа кәсіпорында қазақстандық тараптың үлесі 70 пайыз, ал иорданиялық серіктестерге 30 пайыз тиесілі болмақ. Кәсіпорын Иордания аумағындағы уран қорын игеруге бағытталмақ. Айта кету керек, қазір Иордания аумағында 60 мың тоннадан астам зерттелген уран қоры бар.