Қазақстан даму банкі Чехияның екі қаржы институтымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

Қазақстан даму банкі Чехияның екі қаржы институтымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

Біріншісі, Чехия мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда және инвестициялық ағындарды ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған. ҚДБ елдер арасындағы мәмілелерде қарыз алушы немесе кепілгер ретінде әрекет етуге ниетті. Сақтандыру бойынша мәмілелердің жалпы көлемі 150 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Ал екінші құжат екі ел арасында, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер арасындағы сауданы және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарын қолдауға бағытталған.