Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48 млрд доллардан асты

Қазақстан Қытайға экспорт көлемін ұлғайтты. Шикізат пен энергия ресурстарын ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдері мен кондитерлік тауарларды да жөнелтіп жатыр. Нәтижесінде екі елдің алыс-берісі артқан. Мәселен, 2023 жылы сауда саттық көлемі 41 млрд долларға жетсе, былтыр 48,7 млрд доллардан асты. Өңіраралық ынтымақтастық та маңызды рөлге ие. Бір ғана Шаньлун провинциясымен тауар айналымы 2 млрд доллардан асып, 40 пайызға артты. Сарапшылардың сөзінше,  қос тарап нақты жобаларға басымдық беріп отыр. Яғни, өңірлер мен провинциялар деңгейіндегі әріптестік күшейіп келеді. Бұл бірлескен жобаларды жедел іске қосуға, барыс-келіс пен алыс-беріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Тек алып-сату, сауда қатынастары ғана маңызды емес екенін атап өткен жөн. Өнеркәсіпте, энергетикада, логистикада және көлік саласында бірлескен кооперациялық жобаларымыз бар. Сонымен қатар біз қытайлық серіктестеріміздің инвестицияларын қорғауды ынталандыруға ерекше көңіл бөлеміз.