Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны соңғы 10 жылда рекордтық мәнге жетті

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ке дерлік артық. Көрсеткіш соңғы 10 жылда рекордтық сандарға жетті, деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігі. Инвестициялардың ең көп көлемі Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея және Қытай елдеріне тиесілі. Франция, Ұлыбритания және Германияда көрсеткіш сәл аз. Аталған мемлекеттер негізінен тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібіне, көтерме және бөлшек саудаға, кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметке, көлік пен қойма шаруашылығына капитал салған. Ал аймақтарға келетін болсақ, қаржының басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына, сондай-ақ, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарына бағытталған.