Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеттері ашылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеттері ашылды

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы кеден бекеттері ашылып, екі ел азаматтарының өзара барыс-келісіне рұқсат берілді. Қаңтар айында көрші мемлекеттер омикрон штамының қайта өршуіне байланысты шекараларын толық жапқан еді. Тек әуе қатынасы қалған. Енді шектеулер алынып, автобус қызметі де жанданды. Ташкенттен Алматы, Шымкент, Қызылорда және Нұр-Сұлтан бағыттарына рейстер орындалады.