Такси жүргізушілері комиссиядан босатылады
Такси жүргізушілері таксопаркке төлейтін қосымша комиссиядан босатылады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек екен. Шетелдік такси платформасына тапқан табысының жартысына жуығын беріп жүрген жандар үшін әрине бұл көңіл қуантарлық жаңалық.
Такси жүргізушісімін деме, жеке кәсіпкермін де. Өйткені, енді такси жүргізушілері таксопаркке төлейтін қосымша комиссиядан босатылады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мемлекеттік кірістер комитеті су жаңа пилоттық жобаны іске қосты.

