Қазақстанда автомобиль жолдарын цифрландыру жүргізіліп жатыр

Қазақстанда көлік тас жолдарының электрондық паспортын жасау жұмыстары басталды. Бұрындары бұл жұмыс көп уақытты қажет етсе, қазір автоматтық режимде әлдеқайда тез жүргізу мүмкін болды. Бұл үшін Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары 3D-түсірілім технологиясын пайдаланып отыр. Оның үстіне, бұл заманауи әдіс әлдеқайда арзан әрі асқан дәлдікпен нәтиже береді. Компьютер жолдар мен көшелердің үш өлшемді жоспарын көрсетеді. Оның ішінде, сондай-ақ, нысандар, белгілер мен жаяу жүргіншілер өткелдері де белгіленеді. Жиналатын ақпараттар бір уақытта суретті қимылдатып, бұра алады. Одан бөлек, суретті үлкейтіп, кішірейтіп әрі өзгерістер динамикасын зерделейді. Бағдарлама, одан бөлек, жолға қызмет көрсететін мекемелерге қажетті есептерді береді. Қазір, бұл жұмыстар Астана мен Ақтөбе қалаларында жүргізілуде. Жоба өзінің тиімділігін көрсеткендіктен, сұранысқа ие болып келе жатыр. Келесі жылы игі бастама  еліміздің өзге өңірлерінде де қолға алынады деп күтілуде.

Данияр Көшімханов, «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарын диагностикалау басқармасының басшысы:
- Жалпы паспорттау – ол әлеуметтік-маңызы зор. Көлемі артты дегеніміз, мысалы, бір қаланы келтіретін болсақ, солтүстік өңірдегі қалаларда қыс түскен кезде қар күреу немесе көктем басталған кезде су басу сияқты мәселелер туып жатады. Ол болмау үшін бізде қаражат толық бөліну керек және көшелер санының сапасы дер кезінде оңтайлы және тезірек жөнделу барыстары іске асу үшін осы паспорттау бізде маңызды.

Айбек Кайер, Ақтөбе облысы жолаушы тасымалы мен автомобиль жолы басқармасының басшысы:
– Ақтөбе облысының әкімдігі елімізде бірінші болып жергілікті жолдарды цифрландыру мен паспорттау жұмыстарын бастады. Қазір, жолдарда жұмыс жүргізу барысында 1264 шақырым жолдардың бейне-банкі жасалды. Сонымен қатар, көпірлер мен су өткізетін құбырларды тексеру де мүмкін болды. Ерекше назар аударатын жайт, жолдарды цифрландыру барысында алған мәліметтер бойынша құрылыс кезіндегі қателіктер, техникалық және пайдалану сипаттамаларын алдық. Сондай-ақ, жолдардың құжаттарында белгіленген мәліметтерге сүйене отыра олардың нормативтік талаптарға сәйкестігі де анықталу үстінде. Ақтөбе облысындағы жолдардың барлық ақпаратын жинап болғаннан кейін, жол желілерін басқару бойынша бірыңғай базаға кіргіземіз.