Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны артады

Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны артады

Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе рейстерінің саны артады. Екі елдің авиациялық билігі тиісті меморандум жасасты. Тараптар арасындағы келіссөздер Бангкокта өтті. Қол қойылған келісім рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 402-ден 544-ке дейін, яғни 35% арттырады. Оның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Бангкок, Пхукет, Краби, Утапао сияқты қалалар арасында 84 рейс орындалады. Айта кетейік, Таиланд Корольдігінің Үкіметі биылғы 25 қыркүйектен бастап келесі жылдың 29 ақпанына дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режим енгізді. Осылайша азаматтарымыз туристік елде 30 күнге бола алады.