Қазақстан мен Тәжікстан сауда айналымын ұлғайтуға уағдаласты
Қазақстан мен Тәжікстан өзара сауда айналымын 2 млрд
долларға жеткізуі тиіс. Екі елдің үкіметі осыған ықпал ете алатын барлық
бағытта күш біріктіргені жөн. Бұл туралы
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен
кездесуде айтты. Өндірістік кооперацияларды дамытып, сауда-экономика,
көлік-транзит салаларындағы әлеуетті пайдалану - екі елге де тиімді. Мемлекет
басшысы қазақ-тәжік бизнес форумының нәтижелі болғанын айтты.

