Қазақстан мен Тунис ауыл шаруашылық саласында  ынтымақтастық артады

Елімізде зәйтүн майының өндірісі іске қосылуы мүмкін. Тунистік кәсіпкерлер Қазақстанда зәйтүн алқабын өсіруге инвестиция құюға мүдделік танытып отыр. Астанаға жұмыс сапарымен келген Оңтүстік Африка елінің өкілдері арнайы брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Тунис Республикасының ауыл шаруашылық министрі зәйтүн майы мен құрманы үлкен көлемде тікелей экспорттауға дайын екендерін жеткізді. Айта кетейік, биыл алғаш рет бұл елге 70 мың тонна қазақстандық бидай жеткізілген. Абдель Белати импорттайтын астық көлемін арттыруға дәмелі екендерін де тілге тиек етті. Тараптар ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қамында агроөндірістік кешен бағытында ынтымақтастық аясын кеңейтпек. Әлеует бар. Бұл ретте қос ел де заманауи ауылшаруашылық технологиялары мен инновациялары туралы білім алмасуға әзірлігін білдірді. Тиісті меморандумға қол қойылды.

Абдель Монем Белати, Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі:
-Қазақстанмен ауыл шаруашылық саласында жаңа келісімшарттар жасасуға ниеттіміз. Мұнан бөлек, Қазақстанда зәйтүн өсіруге инвестиция салуға дайынбыз. Өйткені, зәйтүн егу өте көп зерттеуді қажет етеді. Ал Тунисте бұл салада көптеген ғылыми зерттеу орталықтары бар. Сондықтан Қазақстан мен Тунис ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеу бағытында бірлесе жұмыс істей алады деп ойлаймын.

Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:
-Біз халықаралық ұйым болғандықтан ғалымдар арқылы және техникалық көмек ретінде өз тарапымыздан бұл жұмысты барынша жүргіземіз. Біздің ұйым арқылы елімізге осындай әлеуеті өте көп елдермен мүмкіндігімізді көбейтеміз деп отырмыз.