Транзиттік жүк тасымалы 5 есе артады

Транзиттік жүк тасымалы 5 есе артады

Биыл «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Соның арқасында Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалданатын транзиттік жүк ағымы  5 есе артады. Бұл туралы Бейжіңде өткен кеңесте  Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Қазір Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы жөнелтілетін жүктің 85 пайызы біздің жерімізден өтеді.  Каспийдегі Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалданатын жүк көлемі де артты, инфрақұрылым жақсарып келеді. Айталық, Ляньюньган портында қазақ-қытай логистика терминалы және Сианьда құрғақ порт бар. Сондықтан Президент қытай кәсіпкерлерін көлік-транзит саласына шақырды.