Қазақстан мен Венгрия жаңа жобаларды жүзеге асыруда

Қазақстан мен Венгрия жаңа жобаларды жүзеге асыруда

Биылғы жылдың 7 айында Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналым көлемі 79 млн долларға жетті. Бүгінде бұл мемлекет еліміздің Шығыс Еуропадағы  негізгі серіктесі саналады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, соңғы 10 жылда ғана Венгрия отандық экономикаға 226 млн доллар инвестиция құйған. Елімізде венгр капиталының қатысуымен 29 компания мен 41 бірлескен кәсіпорын сәтті жұмыс істеп тұр. Қазақстан мен Венгрия экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін тұрақты диалогта. Өз кезегінде елордада өткен бизнес-форумның қорытындысы бойынша, тараптар серіктестік туралы 8 келісімге қол қойды. Бұл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін береді.

Михай Варга, Венгрияның вице-премьер-министрі, Қаржы министрі:

- Ауыл шаруашылығы саласында келісімге қол қойылды. Венгриялық ірі агрокомпания қазақстандық әріптестерімізбен келісімге отырды. Сонымен қатар фармацевтика саласын да айта кеткен жөн. Венгрияның бұл секторы 2020 жылы экспорт көлемін екі есеге арттырды. Сондықтан бұл келісімдер біздің ынтымақтастығымызды нығайта түседі және жаңа мүмкіндіктерді күтіп отырған басқа бизнесмендер үшін жақсы белгі екендігі сөзсіз. Менің ойымша, Қазақстандағы, сондай-ақ Венгриядағы вакциналау бағдарламасы экономикаға қолайлы жағдай туғызады және бизнес жобаларды көбірек жасауға мүмкіндік береді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева