Қазақстан Суретшілер Одағына – 90 жыл

Қазақстан Суретшілер Одағына – 90 жыл

Отандық қылқалам шеберлерінің үздік туындылары елорданың төрінен орын тепті. Ұлттық мұражайда Қазақстан суретшілер одағының 90 жылдығына орай халықаралық көрме қанат жайды. Көпшілік назарына 270 тарта көркем туынды ұсынған. Мұнда түрлі техникада кенепке түскен бейнелеу өнермен қатар, киіз, матадан жасалған шеберлер, кезешілер мен мүсіншілердің бірегей жұмыстарын тамашалауға болады. Соңғы екі жылдың ішінде дүниеге келген еңбектердің орындау мәнері әрқилы болғанымен, барлығын ұлттық нақыш біріктіреді. Көрмеде отандық авторлармен бірге Орталық Азия, Грузия, Литва, Белорусь, Молдова, Бурятия тіпті Қанада елдері суретшілерінің жұмыстарын кезіктіруге болады. Айта кетейік бұл Қазақстан суретшілер одағының есептік мерейтойлық іс-шарасы. Жыл бойы еліміздің облыс орталықтарын аралаған жылжымалы көрме бас шаһарда тұйықталды. Елімізде I ғасырға жуық бұрын құрылған шығармашылық ұйым бүгінде 1200 тарта кәсіби шеберді біріктіреді.     

Өмірбек Жұбаниязов, ҚР Суретшілер Одағының төрағасы:

- Әртүрлі-әртүрлі көрмелерге қатысып, жүлделі болып жатқан суретшілер бар. Жалпы, ТМД елдерінің арасында бұрыннан келе жатқан Қазақстан сурет мектебі өзгеше орын алады. Өзінің жеке абыройы жоғары деп есептеймін. Себебі, қазір сол біздің аға буын жасап кеткен, қалыптастырып кеткен қазақ мектебін жоғалтпауымыз керек. Баршамызды салып, осыны жалғастыру – біздің міндетімізде.