Қазақстанда алғаш рет сайлауды қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар бақылайды

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы оның белгілі бір сайлау науқанында ғана қолданылмайтынын атап өтті. Аккредиттеу алынған сәттен бастап 1 күнтізбелік жыл бойы ғана жарамды.

Айта кетейік, бүгінде ОСК-да барлығы 10 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымды тіркелген. Олар еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу процесі 13 наурызда аяқталды. Нәтижесінде Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 800-ге жуық өкілі бақылайды.

Еске салайық, дауыс беру осы жексенбі, 19 наурызда өтеді.