Microsoft компаниясы қазақстандық педагогтардың цифрлық біліктілігін арттыруға атсалысады

Microsoft компаниясы қазақстандық педагогтардың цифрлық біліктілігін арттыруға атсалысады

Еліміздің оқу-ағарту министрлігі мен компания ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар  инклюзивті білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтуға, мектептің информатика бағдарламаларын бірлесе жаңартуға уағдаласты. Бекітілген келісімнің арқасында қазақстандық мұғалімдер білім беруді трансформациялау бойынша ең үздік тәжірибелермен танысуға мүмкіндік алады. Асхат Аймағамбетов министрлік меморандумға қол қоймас бұрын да педагогтердің біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша Microsoft корпорациясымен бірлесіп жұмыс істегенін атап өтті. Мысалы, «Майкрософт Педагог», «Майкрософт педагог-сарапшы» бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған халықаралық форумға қатысты. Ал  13-18 жас аралығындағы оқушылар жаһандық студенттік Хакатонға қатысып жүр.