Қазақстанда азаматтық бастамаларға 600-ден аса шағын грант бөлінеді

Қазақстанда азаматтық бастамаларға 600-ден аса шағын грант бөлінеді

Қазақстанда азаматтық бастамаларға 600-ден астам шағын грант бөлінеді. Бұл әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру елдің барлық өңіріндегі әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етеді деп болжанып отыр. Олар волонтерлерді қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсету шараларына тарту, ауылдағы бастамаларды дамыту, халықтың әртүрлі топтарын цифрлық және қаржылық сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету, жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру сияқты 20 түрлі бағытты қамтиды. Шағын гранттар сомасы – 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым бастамашыл топтардан өтінімдерді қабылдап жатыр.