Қазақстанда блогерлердің қызметін заңдастыру туралы ұсыныс айтылды

Қазақстанда блогерлердің қызметін заңдастыру туралы ұсыныс айтылды

Блогерлер мен олардың қоғамда атқаратын қызметін заңдастыру керек. Тиісті норма «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілуі тиіс. Мұндай ұсынысты елордада өткен «Ашық ақпараттық кеңістік: қоғамның сұраныстары және медиа саланың даму тенденциялары» атты кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының төрағасы Аделия Тухбатова айтты. Спикердің айтуынша, журналистерде этика кодексі бар, ал блоггер мен блогосфераның қызметі заңмен реттелмеген.

Аделия Тухбатова, ҚХА журналистер клубының төрағасы:

– Блогерлер қоғамда пікірдің көшбасшылары деп айтуға болады. Олардың 2-3 миллионнан тұратын аудиториясы бар. Сол адамдар өз кумирлерінің пікірін тыңдап, әрекетін қолдап жатады. Кейде блогердің сөздері мен іс-әрекеттері заңсыз сипатта болып жатады. Ал халық шынайы ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата алмайтын кездер болады. Сондықтан білместікпен жалған ақпараттың артынан еріп кетуі мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткендегі өз Жолдауында БАҚ туралы заңды реформалау күтіп тұрғанын айтқан еді. Сол заңға блогерлер туралы өзгеріс пен түзетулер енгізу керек деп санаймын. Өйткені олардың қызметі ол заңмен реттелмей келеді.

 

Автор: Ақзер Сегізбай