Қазақстанда газ өңдейтін екі зауыт салынады

Қазақстанда жаңа газ өңдеу зауыттары салынады. Соның бірі Атырау облысында пайда болмақ. Өндіріс ошағы жылына 1 млрд текше метр шикізат өңдеп, 800 млн текше метр тауарлы газ шығаруға қауқары жетпек.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы құны 350 млн доллар болатын жаңа газ өңдеу зауытын Маңғыстау облысында салу көзделген. Кәсіпорын жылына 760 млн текше метр өнім шығармақ.  Жалпы Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2024 жылы Қазақстанда газ өндіру көлемі 62 млрд текше метрге жетуі тиіс.

Авторы: Әсел Күшенғалиева