Қазақстанда көпұлтты ансамбль құрылды

Қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнері қамтылған бірегей ансамбль. Елімізде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» жанынан алғашқы көпұлтты ән мен би ансамблі құрылды. Айта кетейік, мың бұралған би номерлері мен композицияларын қою мақсатында көрнекті шетелдік хореографтар шақырылды.

Эвелина Протасова, хореограф:

-     Біз арнайы Ферғанадан өзбек халқының нағыз әдемі әрі көркем биын қою үшін келдік. Біз дәрісімізді өткіздік. Бишілерге тәнті болдым. Олардың көздерінде от бар. Бірден білек сыбана кірісіп кеттік. Бар жан-тәнімен биледі десем болады. Олар, алдағы уақытта көрермендерге өзбек биінің бар атмосферасын паше те алады деген сенімдемін.

Жалпы ансамбльді құру кезінде арнайы кастинг ұйымдастырылып, онда әр алуан ұлт өкілдері мен мультиинструменталистер арасынан 20 үздік биші мен музыкант таңдап алынды. Оның тұсауы 1 наурыз Алғыс айту күніне орайластырылған. Бұл күні жоспарда көпшілік назарына хореографиялық шығармалар, аспаптық және вокалдық нөмірлер ұсынылмақ.

Александрина Хомицкая, биші:

-   Бұл ансамбльдің құрылу идеясының өзі маған қатты ұнады. Біз көптеген мәдениетпен танысып, түрлі би үйреніп жатырмыз. Ансабльдың құрылу мақсаты – Қазақстанды мекен ететін халықтардың би өнерлерін кеңінен дәріптеу. Мен осыған атсалысып жатқаныма өте қуаныштымын.

Зерде Таңнұр, биші:

 –Негізі Қазақстанда әртүрлі ұлттар бар. Өзбек, қырғыз, украин секілді неше түрлі ұлттар бар. Меніңше, сөйлеу қажет емесБидің өзіндік бір тілі.