Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Шығармашылық сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруге еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі уәде берді. Кеңейтілген алқа отырысында жауапты сала басшысы Дәурен Абаев мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің айлықтарына қосымша үстемақы әзірлеу туралы айтып берді. Оның ішінде барлық қызметкерге емес, «Ұлттық» мәртебесі бар мекемелердің жұмыскерлеріне.

Бүгінгі таңда елімізде осы салада 7 637 нысан жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Алайда министр қазіргі таңда кем дегенде мұндай 300 мекеме ашу қажеттігін айтты. Аталған мекемелердің жетіспеушілігі негізінен ауылдық жерлерде байқалады. Сондай-ақ министрдің айтуынша, шығармашылық саласын қамтитын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен концертмейстерлерінің еңбекақысының төмендігі де өзгерісті талап етеді.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бұл мәселені жеке бақылауға алғым келеді. Неге? Себебі соңғы кездері мен кездескен көптеген оқытушы, тіпті ең қиын кезең болған 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастап кетпеген. Сондай-ақ солардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақ арасында үзіліс болған жоқ.

Дәурен Абаевтың айтуынша, жалпы министрлікте Білім және ғылым министрлігімен де өзара шекара мәселелері жинақталған. Сөз ортақ жобаларды іске асыру және шығармашыл саладағы жоғары оқу орындарына, колледждер мен училищелерге қатысты кейбір нормаларды түзету қажеттігі туралы болып отыр. Жақын арада мамандар бірлескен кеңесте қаралатын өзекті мәселелердің тізімін жасайды.

Авторы: Ақзер Сегізбай