Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн тойлау жоспарлануда
Наурыз мерекесі жаңа форматта. Аталмыш мейрамды елімізде әдеттегідей 4 күн емес, 10 күн атап өту жоспарлануда. Мұндай тұжырымдаманы бекіту жөніндегі қаулы жобасы «Ашық НҚА (ашық нормативтік құқықтық актілер) порталында жарияланды.
Сонымен 14 мен 23 наурыз аралығында елімізде түрлі іс-шаралар өтеді. Әр күннің өз тақырыбы болады. Мысалы, 21-і ұлттық тағамдар күні болса, 18-і азаматтар игі істер күнін атап өтеді. Осылайша, ел үкіметі маңызды мейрамның мазмұнын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға баса назар аударуды ұйғарып отыр.
САУАЛНАМА:
- Үнемі тойлаймыз. Палаудың дәмін тату үшін кезекке тұрамыз. 10 күн көптеу, әрине, дегенмен, біз мерекені тойлауға үйреніп қалғанбыз. Ұлттық мейрамды атап өткенді жақсы көреміз ғой, сондықтан қуана тойлап, бір-бірімізбен кездесіп, қуанышқа бөленеміз.
- Біз бір жерге барып атап өтетін болсақ жақсы болар еді. Ойын-сауығы бар орындарға. Ол үйде отырғаннан әлдеқайда жақсы ғой..
- Менің ойымша, олай атап өту дұрыс, себебі бұл – біздің ұлттық мерекеміз. 1-ші күні қандай тақырыпта тойланатыны екені есімде жоқ, оқыған болатынмын. Бірақ әр күнге түрлі тақырыппен атап өту өте дұрыс деп санаймын. Көршілес Ресейде де Жаңа жылды екі апта атап өтеді ғой. Қытай да екі апта демалады.
Наурыз мейрамын мерекелеуге өзгеріс енгізу қажеттілігі туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында да арнайы айтып өткен болатын. Айта кетейік, бүгінде жаңа тұжырымдама министрлер кабинетінде бекітілді.