Мәдени ұйым қызметкерлері арасында үздіктер анықталды

Қазақстанда төртінші мәрте мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі өтті. Биылғы жылы іс-шараның негізгі бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылды. Үздіктер музей, кітапхана және өзге де мәдени ұйымдар қызметкерлері арасында таңдалды. Көкшетауда 70 лауреат марапатталды.

Айта кетейік, биыл осы шаһар ресми түрде еліміздің мәдени астанасы атанды. Фестивальге қатысушылар бұл іс-шара олардың кәсіби өсуіне түрткі болғанын атап өтті. Оның аясында шеберлік сыныптары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.

Валентина Павлик, Теміртау қ. Тұңғыш  Президенті тарихи-мәдени орталығының бұқаралық жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаушы:

- Біздің жоба «Балаларға арналған үздік онлайн жоба» номинациясын жеңіп алды. Біз қазақ аңыздарының негізінде қазақ және орыс тілдерінде моушн-анимация дайындап шығарамыз. Осындай фестивальдер біздің жұмысымызға қолдау барын көрсетеді.

Марғұлан Оспанов, Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы музей директоры:

- Ы. Алтынсариннің 180 жылдық және музейдің ашылғанына 30 жылдық мерейтойы. Осындай қос бірдей ерекше қуанышымыздың тұсында осындай марапатқа ие болғанымыз қуанышымызды еселеп жатыр. Ерекше сезімде тұрмыз.