Қазақстанда өткен тәулікте 158 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 158 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 158 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталып отыр. Қауіпті инфекция оңтүстік шаһардың 88 тұрғынынан анықталды. Одан кейін елордада 35 ковид науқастың диагнозы ПТР зерттеу арқылы қуатталды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 307 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 1 155 адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 147 пациент стационарда ем қабылдауда, 8 адамның жағдайы ауыр деп бағалануды. Өткен бір тәулікте 73 қазақстандық толықтай жазылып шықты.