Қазақстанда өткен тәулікте 723 адамда коронавирус індетін жұқтырған
Қазақстанда өткен тәулікте 723 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша Атырау облысы алда тұр, 149 адам індет жұқтырған. Алматы қаласында – 92, Нұр-Сұлтан қаласында - 68 адамда коронавирус расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 158 302 жетті.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Шығыс Қазақстан облысында - 19041 (+47),
Алматы қаласында - 18939(+92),
Нұр-Сұлтан қаласында -18777(+68),
Атырау облысында - 13890(+149),
Қарағанды облысында - 12243(+26),
Батыс Қазақстан облысында - 9367(+45),
Павлодар облысында - 9448(+40),
Солтүстік Қазақстан облысында - 8856(+57),
Қостанай облысында - 7797(+57),
Ақмола облысында - 7481(+59),
Алматы облысында - 7307(+39),
Шымкент қаласында -5523(+6),
Жамбыл облысында - 5048(+9),
Маңғыстау облысында - 3759(+11),
Ақтөбе облысында -3711(+4),
Түркістан облысында - 3705(+8),
Қызылорда облысында -3410(+6).
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45991, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33298 жетті.