Қазақстанда соңғы тәулікте 2054 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 2054 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2054 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - 806 адам - елордада анықталды. Одан кейін Алматы қаласының - 532, Қарағанды облысының 130 тұрғынынан инфекция табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 333 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 18 мың 900-ден аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 1280 пациент стационарда ем қабылдауда.