Шетелдік жасөспірімдер Pfizer вакцинасын қабылдай алады

Шетелдік жасөспірімдер Pfizer вакцинасын қабылдай алады

Қазақстанда тұратын және оқитын 12-18 жас аралығындағы шетелдік жасөспірімдер Pfizer вакцинасын қабылдай алады. Жарлыққа еліміздің бас санитар дәрігері тиісті толықтыру енгізді. Сондай-ақ бұл шара Қазақстан аумағында үш ай және одан көп уақыт үздіксіз тұрып жатқан студенттерге де қатысты. Құжатқа сәйкес қазақстандық жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer екпесін алуы керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Pfizer вакцинасының бірінші компонентін бүгінгі таңда 128 мыңнан аса жасөспірім, 32 мыңға жуық жүкті және бала емізетін әйел алған. Ал екінші компонентті 5 592 адам қабылдаған.