«Болашаққа – сау тіспен» жол картасы

«Болашаққа – сау тіспен» жол картасы

Мектеп оқушыларының 78 пайызының тісінде кариес бар. Қазір тексерілген әр он баланың жетеуіне осындай диагноз қойылған. Мамандар бұған ауыз қуысы гигиенасының дұрыс сақталмауы себеп дейді. Мәселені шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2024–2028 жылдарға арналған жоба қабылдады. Құжатқа сәйкес, еліміздегі әр мектепте стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған. 

«Болашаққа – сау тіспен» жол картасы 2024 жылдың қыркүйегінде бекітілді. Мақсат – төрт жыл ішінде оқушы саны мыңнан асатын әр мектепте стомотологиялық кабинет ашу. Әр баланы дер кезіңде тексеріп, қажетті ем ұсыну. Құжат қабылданған сәттен бастап еліміздің 15 өңірінде 125 стоматологиялық кабинет іске қосылды. Оның 76-сы қала мектептерінде, 49-ы ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұр.

Индира Басманова, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті басқарма басшысының м.а:

- Жол картасы аясында 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен 987 стомотологиялық профилактикалық кабинеттер ашылу жоспарланған. 2025 жылы жалпы 195 кабинет ашылу жоспарланған. Оның 125 і ашылып қалған 70 кабинеті 2026 жылдың жоспарына енгізілді Осыған байланысты 2026 жылы жалпы 325 кабинет ашылу жоспарланып отыр.

Әр мектепте ашылған стоматологиялық кабинет қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Оған жақын маңдағы емханалардан арнайы стоматологтар бекітілген. Осы ретте Астана қаласына қарасты №69 мектеп-гимназияда ашылған кабинеттің жұмысымен таныстық. 2025 жылдың қазан айынан бері мұнда күн сайын 10–15 оқушы тексеруден өтеді.

Нияра Сегізбаева, Дәрігер – Стоматолог:

- Стоматологиялық кабинет күн сайын түске дейін жұмыс істейді. Күнделікті оқушылардың ауыз қуысына профилактикалық тексеру жүргіземіз. Қызмет толықтай тегін. Кабинет №12 қалалық емхана қарамағында. Медициналық қызметті осы емхананың мамандары жүзеге асырады.

Стоматологиялық кабинеттер тек алғашқы көмек көрсетеді. Егер оқушының тіс ауруы асқынған болса, оған арнайы жолдама беріліп, емханаға жіберіледі. Алдағы уақытта емдеу бөлімі қажетті дәрі-дәрмекпен толықпақ. Нәтижесінде оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ толық ем қабылдай алады. Бұл бастамаға ата-аналар да оң бағасын беріп отыр.

Бану Төлегенова, Ата-Ана:

- Менің қызым өткен жолы тісі аурып сабақтың үстінде сол кезде бір тексерістен өтті. Бағыт абғдар беріп, қалай күтім жасау керек екенің дәрігерлер түсіндіріп айтады. Мектепте стомотологиялық қызмет жұмыс істеуі ата-ана үшін өте ыңғайлы. Өйткені стомотологқа барып қаншама уақыт алғаннан мекепте жолдама береді, жақсы.

Маманның жұмысы тек тіс тексерумен шектелмейді. Оқушыларға тіс ауруларының қалай пайда болатыны жан-жақты түсіндіріледі. Ақпараттық парақшалар таратылып, арнайы оқыту сабақтары ұйымдастырылады екен.