Қазақстанда онкологиялық ауруларға қатысты сұрақтар бойынша тегін консультациялар өткізіледі

Қазақстанда онкологиялық ауруларға қатысты сұрақтар бойынша тегін консультациялар өткізіледі

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары онкологиялық ауруларға қатысты сұрақтар бойынша тегін консультациялар өткізеді. Сұрақ-жауап түріндегі шара әлеуметтік желілерде ұйымдастырылады. Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, амбулаториялық жағдайларда қатерлі ісікке күдікті пациенттерге мамандардың консультациясы және тексеру «жасыл дәліз» бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Онкологияға күдік болған жағдайда МРТ және КТ тегін жүргізіледі.