Қазақстанда соңғы тәулікте 1477-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 1477-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1477 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі 573 адам - Алматы қаласында анықталды. Елордада  - 493, Алматы облысының 91 тұрғынынан инфекция табылды. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 318 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 8700-ден аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 680 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 321 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион  917 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.