Қазақстанда соңғы тәулікте 2257 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 2257 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші тағы да артты. Тек өткен тәулікте 2257 жаңа дерек тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - Алматы қаласында анықталды. Мегополистің  650 тұрғыны індет жұқтырған. Екінші орында елорда тұр.  Мұнда 642 адамның бойынан коронавирус анықталды.  Үштікті тұйықтап тұрған Қарағанды облысының 188  тұрғынында инфекция расталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 323 мыңнан асты.  Сондай-ақ қатерлі індеттен сауыққандар саны да артып келеді. Мәселен өткен тәулікте  838 адам Ковид 19-дан жазылып шықты.