Қазақстанда соңғы тәулікте 2480 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2480 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - 796 адам - елордада анықталды. Одан кейін Алматы қаласында - 722, Қарағанды облысының 165 тұрғынынан инфекция табылды. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 326 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 14 мыңнан аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 1206 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 324 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 951 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.