Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұйым құрылады

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұйым құрылады

Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық нормаларды жетілдіру мақсатында комитет заңнамаға өзгерістердің 2-ші топтамасын енгізбек. Құжат осы жылдың маусым айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланып, Ашық НҚА порталында талқылауға ұсынылған.

Асқар Тынысбеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылады. Бұл еліміздегі барлық үкіметтік емес ұйымды біріктіріп, нығайтады. Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу жоспарлануда. Ол халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы болады.