Қазақстанда ұлттық валюта күні аталып өтуде

Қазақстанда ұлттық валюта күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні мен қаржылық жүйе қызметкерлерінің кәсіби мейрамы аталып өтуде. Биыл теңгеге 30 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстанның өз валютасы – төл теңге Президент жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Ол мемлекеттің тәуелсіздігінің символдарының қатарына енді. Жаңа валютаның барық номиналының дизайнын жасау бойынша жұмыстарды қазақстандық дизайнерлер жасаған. Теңгенің алғашқы айналымында портреттік нұсқа пайдаланылған. Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр және Абылай хан. Еске салайық, ең алғашқы теңгенің қасбетіне елдің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тариxи тұлғалардың бейнесі басылған. Ал, банкнотаның сырт тұсына кең байтақ жеріміздің сұлу табиғаты мен тариxи сәулет нысандары енді. Еске салайық ұлттық валютаның ең бірінші данасы Ұлыбританияда шығарылғаны белгілі. Ал алғашқы қазақстандық монеталар Германияда соғылды. Көп ұзамай 1995 жылы Қазақстанда ақша басатын фабрика ашылды. Бұл өз кезегінде қазақстанның қаржылық тәуелсіздігіне жол ашты. Халықаралық банкнот қауымдастығы 2011, 2012 және 2013 жылдары теңгені әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде таныды. Сарапшылар оның көркемдік құны мен  иннновациялық қорғанышын аса жоғары бағалайды. Қазіргі қолданыстағы теңге жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюталардың бірі саналады. Десе де, теңге заман ағымынан қалмақ емес. Еліміздің Ұлттық Банкі 2025 жылдың соңына дейін цифрлық теңгені айналымға енгізуді жоспарлап отыр. Бұл елдегі төлем жүйесін одан ары дамытып инновациялық қаржылық өнім шығаруға жол ашады деп күтілуде.