Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық өткізілуде

Қазақстан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайындалуда. Халықаралық жарысту өткізу үшін елордадағы барлық спорттық нысандар пайдаланылады. Үкіметте жоспарда жаңа кешендердің құрылысы жоқ екені атап өтілді. Дегенмен, ауқымды шараға дайындық аясында «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұзайдыны күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қаражат есебінен елордадағы «Қазанат» ипподромын қайта жаңғырту жоспарлануда. Этникалық спорт түрлерінен Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылғы 8-15 қыркүйек аралығында Қазақстанның астанасында өтеді. Сонымен қатар жарыс бағдарламасына тоғызқұмалақ та енгізілгені белгілі болды.