Қазақстанда Zoom баламасы жасалды
Қазақстанда Zoom баламасы жасалды. Видео-конференцияларға
арналған отандық «Qosyl» қосымшасы мемлекеттік органдарда тестілеуден өткізілді
және қазірдің өзінде бейне-кеңестер ұйымдастыру үшін қолданылуда. Қазақстандық
өнімнің басты ерекшелігі – бұл бағдарламада уақыт жағынан шектеу жоқ. Сондықтан
қосымшаның ауқымын кеңейтіп, оны ары қарай дамыту да жоспарлануда. Оның үстіне,
бағдарламаны арнайы бейімдеп, білім беру ісінде де қолдану көзделіп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқу процессіне қажет
барлық функциялары бар бірыңғай онлайн-платформаны жасап шығаруды тапсырды. Ол
кезде коронавирус пандемиясына байланысты бүкіл әлем бойынша оқушылар мен
студенттердің дені қашықтан оқу форматына ауысқан. Ал, 2021 жылдың күзінде
цифрлық даму министрлігі видеобайланысқа арналған 50 қазақстандық тұғырнаманы
қарастырғанын мәлімдеді. Оның 5-ін бейнеконференциялар жасау үшін қолданды.
Нурислан
Исаков, «Qosyl»
жобасының жетекшісі:
– Басты артықшылығымыз – жүйе тек Қазақстан аумағындағы
серверлерде қолданылу үшін қарастырылғандықтан, өзге мемлекеттермен ақпарат
алмасудың алдын алады. Оның үстіне, «Qosyl» ақпараттық қауіпсіздікті талап
ететін барлық тексерістерден сүрінбей өтті. Себебі ол – мемлекеттік органдар
үшін аса маңызды. Жалпы, жүйе бейне-жиналыс өткізу үшін қажет барлық
функционалдық мүмкіндіктерге ие. Тағы бір артықшылығы – қолдануда оңай әрі арнайы
қондырғыларды талап етпейді. Сондықтан кез-келген техникамен пайдалануға
қолайлы. Алайда, қазір біз бағдарламаны жиі жаңартып, отандық өнімді дамыту
үшін жаңа мүмкіндіктер қосып жатырмыз.