«Қазақстандағы жаңа Конституция – стратегиялық дұрыс шешім» – Гарвард профессоры
«Жаңа Конституцияны қолдау – бұл елдің интеллектуалдық көшбасшылыққа, технологиялық
жаңаруға және мемлекеттің тұрақтылығына бағытталған бағытын қолдау деген сөз». Осылай деп Гарвард университетінің профессоры
Рахметолла Закарья арнамызға берген сұхбатында айтты. Оның пікірінше,
Конституция тек заңдар жиынтығы емес, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын
негізгі құжат. Бүгінгі таңда әлемде технологиялар жылдам дамып, мемлекеттер
арасындағы бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан негізгі заң да уақыт талабына
сай жаңарып, қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі керек деп санайды.
Ғалымның айтуынша, жаңартылған Қазақстан Конституцияда ғылым мен білімге
басымдық беру - стратегиялық шешім болып табылады. Одан көп мемлекеттек үлгі
алауы тиіс.

