Қазақстан мен Вьетнам байланысының көкжиегі кеңейеді

Қазақстан мен Вьетнам байланысының көкжиегі кеңейеді

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-саттық алдағы жылдары 2 миллард долларға жетеді. Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам екіжақты кездесу өткізді. Тараптар бірқатар салаларда байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Әсіресе авиация, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, инвестиция, туризм бағытында жобаларды жүзеге асыруға ниетті.