Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Қазақстан  қылмыстық  кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын бағалау  процедуларын сәтті аяқтады. Бұл отандық бизнестің трансшекаралық қаржы операциялар бақылауынан оңай өтуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті.  Сондай ол Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы мәртебесіне ие болғанын айтты. Бұл осы аймақтағы елдермен қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Агенттік төрағасы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға да тоқталып өтті. Құжат жуырда ғана Үкіметте бекітілді. Бұл жоспарда сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік және көлік салаларындағы көлеңкелі операциялардың деңгейін төмендету шаралары қамтылған. Жанат Элимановтың айтуынша, Агенттік қызметінің нәтижесінде жыл басынан бері 94 миллиард теңге шығын өтеліп, активтер қайтарылды.